Жаңаталапта қайырымды істер жалғасын табуда

(0 Votes)

«Biz birgemiz» акциясы жалғасуда!

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері аудан әкімі Қайрат Талапұлының ұсынысымен аудандағы балық аулаумен айналысатын шаруашылық құрылымдары кезекпен тұрғындарға жаңа ауланған балықты қолжетімді бағамен сатуды ұйымдастырып келеді. Акция аясында аудандық мәслихаттың депутаты Шәкупов Жұмажан басқаратын «Каспий балық» ӨК ерекше белсенділік танытып ауданымыз бойынша кейбір округтерге тегін сазан балығын үлестіріп қайырымдылық көмегін көрсетіп отыр.

9

Атап айтсақ аудан әкімшілігі арқылы округімізге 467 кг сазан балығы жіберіліп округтегі аз қамтылған, көп балалы, жалғыз басты қариялар т.б. 46 үйге таратылып берілді. Округ тұрғыны ЖК Айтқалиев Мұхтар халыққа қолдау білдіріп аптасына 2 рет арзан бағамен азық-түлік өнімдерін сату үстінде.

Округ әкімі Олжас Сержанұлының бастамасымен қоғамдық қызметкер Ақтаева Гүлжан арқылы 100 дана маска тігіліп тұрғындарға тегін таратылды, ауылдық клуб меңгерушісі Жанар Бралиевада қызметкерлерімен тұрғындарға тегін маска таратуды ұйымдастырды. «Ардагерлер одағының» (Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік іс- қимылдарға және әскери қақтығыстарына қатысушылардың) Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы Құрманғазы ауданы бойынша филиалының ұйымдастыруымен округтегі кейбір санаттағы отбасыларына тегін азық-түлік таратты. Округтегі 1985 жылы туған азаматтар бір қой малының етін 5 отбасыға тегін таратты.

Жаңаталап ауылдық округ әкімдігі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT