Сүйіндік жалпы орта мектебінде жаратылыстану-математика пәндері бойынша «Жаңаша оқытуға-жаңаша көзқарас» тақырыбында мектепшілік семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру, жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде критериалды бағалауды тәжірибеде тиімді қолдануға бағыттау.
Семинардың ашылуы «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы мұғалімдер мен оқушылардың сұхбат алу арқылы басталды. Математика пән мұғалімі өткізген «Туынды табу ережелері» 10б-сыныбында ашық сабағы Рима Құрманғазықызының семинардың үмітін жаққандай болды. Тілекші Сағидоллақызының 7б-сыныбында «Санды Қазақстан –мәңгі Қазақстан» роботтехника үйірмесі қолданатын салаларын оқушылардың өз қолдарымен жасаған машиналарын семинарға қатысушылардың көңілдерін бір селеп тастады. Мира Файзуллақызы мен Айнара Бекболатқызы «Ойлы болсаң, озып көр» 5-7 сыныптар арасында өткізген танымдық сайысы, математикадан өткізген «Ондық бөлшектер мен жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану» Гүлнара Жасқайратқызының 5б-сыныбында ашық сабағы қатысушылардың көңілінен шыға білді.
Берік Жеңісұлының «Оқушыларға үш тілде білім беру –заман талабы» өткізген танымдық сайысы оқушыға ой салу арқылы, ойлауға негіз беріп, қызығушылығын тудыратын тапсырмалар болды. География пәнінен өткізген Мира Файзуллақызының «Қазақстандағы елді мекендер» 9а-сыныбындағы «Lesson Study» ашық сабағы саналы меңгертуде оны қолдана алуында, оқушыларға танымдық тапсырмалар беру арқылы пәнге қызығушылығын арттырып нәтижеге қол жеткізе білді.
Сондай-ақ «Қазақстанның болашағы-дарынды жастар» тақырыбында Валентина Қуанғалиқызы мен Гулназым Ғинетоллақызының ұйымдастырумен 8-11 сыныптар арасында «Ғажайып бір минут» бағдарламасынан желісінен шолу жасай білді.
Семинар соңында оқу ісінің меңгерушісі Айнагул Жасқайратқызы кері байланыс «пікірлер тоғысы» бойынша қысқа метражды фильмінде мұғалімдер мен оқушылардың өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік берді. Семинар соңында оқу ісінің меңгерушісі Рымжан Жасұланұлының қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын қорытындылап, ұстаздарымызға жоғары дәрежеде өткенін айтып қорытындылады.
Хасантаев Бауыржан,
Сүйіндік жалпы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы