«Қазақстан Халық Банкі» еліміздегі қаржылық институттардың ішінде абыройлы көш бастап тұрған банктердің бірегейі. Оның филиалдары республикамыздың облыс орталықтарымен, ірі қалаларымен қатар әр ауданында бар.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының Құрманғазы аудандық басқармасы өткен аптада күрделі жөндеуден өтіп, қызметін пайдаланушыларға есігін қайтадан айқара ашты.
Бұл аудан тұрғындары үшін жаңа жыл қарсаңындағы ерекше сый болды. Банк клиенттеріне қызмет көрсету түрлерінің көбейіп, сапасы артуына көп көңіл бөлінеді, ең бастысы келушілерге қолайлы жағдай жасалынды.
Ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Г.Хасанова, банк саласының ардагері Е.Ғайнетов, банк қызметін пайдаланушылардан Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Б.Өтегенов, шаруа қожалығы иесі Е.Құбашев, жеке кәсіпкер Б.Махмудова сөз алып тілектерін білдірді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының басшысы Ж.Майкопова, орынбасары Н.Керешов банк қызметінің жаңалықтарымен бөлісті.
Айбек МЕЙІРМАН