Жаңа жылға жақсы сый

(0 Votes)

Жаңа жылға санаулы сағаттар қалғанда Құрманғазы ауылының Құрылысшылар мөлтек ауданында «Тамаша» балалар ойын орталығы бүлдіршіндерді қуанышқа кенелтіп есігін айқара ашты.

Ашылу салтанатын жүргізген көркемсөз шебері Рүстем Тоқаев кәсіпкерлік саланың өркендеуі халықтың әлеуметтік әлеу¬етінің артуына зор ықпалын тигізетінін жыр шумақтарымен жеткізді.

img_8801

Келесі кезектерде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмақай Ғұмаров шағын және орта бизнес ауданымызда жақсы дамып келе жатқанын айтып, жиналған жұртшылықты жаңа жылмен құттықтады.

img_8806

Іс бастағалы отырғандардың қадамына сәттілік тіледі. Балаларға жаңажылдық базарлық жасап, ойын алаңын ашқан жеке кәсіпкер Мерей Теміржанов та өзінің тілегін білдірді. – Елімізде кәсіп қыламын дегендерге мемлекеттік деңгейде кең қолдау білдірілуде. Соның бірі - «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы. Ол бойынша қол жеткізген 1 млн. 800 мың теңгенің мемлекеттік гранты арқылы осы орталықты ашып отырмыз. Ауылдық жерлерде осындай жабық типтегі ойын алаңдарын көптеп ашуға көбірек көңіл бөлінуде. Грантқа ие болуымыздың да бірден бір себебі осы деп ойлаймын. Алдағы уақытта шағын кәсібімізді одан әрі кеңейтіп, балалардың алаңсыз ойнап, шыныққан да шымыр болып жетілуіне өз үлесімізді қоса беретін боламыз, - деп, ашылуын асыға күткен балаларды бір желпіндіріп тастады.

img_8812

img_8813

Бұдан соң ғимараттың кіреберісіне керілген лентаны қию рәсімі жасалып, жас кәсіпкердің әжесі, ұлағатты ұстаз Қоңыр апамыз ақ батасын берді. Шашу шашылып, үлкендер жағы «жақсыны көрмекке» деп ішке енсе, балалар бірден ойын алаңына лап қойып кетті.

img_8795

img_8822

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT