Жаңа жүйенің артықшылығы

(1 Vote)

Бүгінде ата-аналар балабақшаға кезекті жаңа жүйе бойынша өздері қадағалап, бос орынды біліп отырады.

Бұл елімізде жүргізіліп жатқан цифрландыру саласының үлкен бір жетістігі. Кезекке тұру және өзі қалаған балабақшаға жолдама алу арнайы сайт арқылы жүзеге асуда. Басты ерекшелік сол - жаңа жүйе балабақша кезегін электронды жасақтап, кезектің жылжуы, жолдама беру процесі туралы ақпаратты онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Ата-ана indigo веб-порталына өзінің ЖСН енгізіп, бүлдіршіннің жеке басының мәліметін орналастырады. Егер ұялы телефоныңыздан бос орын туралы ақпарат алсаңыз, 3 күннің ішінде балабақшаны таңдап, жолдаманы рәсімдеуге толықтай мүмкіндігіңіз бар. Алайда, осы уақыт аралығында жолдаманы алмасаңыз, сіздің орныңызға басқа азаматтар үміткер бола алады. 026/У үлгісіндегі бала денсаулығы паспортын дайындап қоюды да естен шығармаңыз. Балабақша жолдамасы бес күннің ішінде рәсімделгеннен кейін баланың ТУУ туралы куәлігі мен денсаулық паспортын тиісті жерге тапсырып үлгеруіңіз қажет.

Бибігүл Наурызбаева, "Мерей" балабақшасының әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521