Жаңа қызметке тағайындалды

(1 Vote)

Осы күнге дейін бос тұрған аудан әкімінің орынбасары орыны өз  иесін тапты.

Бұл лауазымға Сүйіндік ауылының тумасы, күні-бүгінге шейін Исатай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Сисатов Болатбек Серікұлы тағайындалды.

zam-akima

Аудан әкімдігінің үлкен залында өткен, басқарма басшылары қатысқан жиынның тізгінін Марат Мурзиев басқарып, жаңа орынбасарын сайлап, аудан әкімінің №318 өкімімен «ҚР жергілікті және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабы, 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес тағайындалған өкімге қол қойды.

Сонымен қатар, шілде айына дейін Орлы ауылында жемісті еңбек еткен екс.әкім Асқар Мұфтах да жаңа қызметке сайланды.

muftakhov

Ол аудан әкімінің №317 өкімімен «ҚР жергілікті және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабы, 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық «ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

– өздеріңіз білесіздер, күні-бүгінге дейін бұл екі орын бос тұрған болатын. Осыған орай, аталған қызметке ішкі конкурс жарияланған еді. Нәтижесін бірге көріп, бүгін елге елеулі қызмет еткен мамандарды сайлап отырмыз. Жаңа қызметке иек тіреген Болатбек Серікұлы мен Асқар Зинетуллаұлына сәттілік тілей отырып, Президентіміздің сындарлы саясатын қолдауда, ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуде олқы соқтырмайды деп сенім білдіремін,-дейді Марат Бисенғалиұлы.


Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT