Әлемнің 14 елінде жаңа вируспен ауырған 100-ден астам адам тіркелді. Жабайы жануарлармен байланыста болып, оның етін жегенде ауа тамшылары арқылы жұғатын жаңа дерт – маймыл шешек деп аталады.
Дүниежүзілік ДДҰ-ның мәліметінше, жыл басынан бері Конгода 1,2 мың жағдайының тіркелгенін хабарлады. 58 адам қайтыс болған, өлім-жітім деңгейі 4,5 пайыз құрайды.
Аталған індет жоғары температура, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бастың айналуымен білінеді. Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, кездейсоқ өздігінен емделуі мүмкін. Демалыс маусымының басталуына байланысты шет елге шығатын тұрғындарға саяхат нүктесінен бұл вирустың анықталғаны туралы ақпарат алуын, сапардан келген соң үш апта ішінде ауырсынуды, температураны, бөртпені сезінсеңіз, міндетті түрде шет елде болғаныңыз туралы хабарлап, тез арада жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласыңыз.
Соңғы ақпараттарға сәйкес, елімізде маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ. Десе де, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау орындалады. Онда қашықтық термометриясы арқылы аса қауіпті ауруларға күдікті адамды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.
Гаухар Тоғаева
аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы