Жаңа тұғырнама – партияның басты құжаты

(0 Votes)

«Amanat» партиясының аудандық филиалында кезектен тыс ХХХVIІІ конференция өтіп, филиал төрағасы Марат Мурзиев күн тәртібімен таныстырды.

Партияның жаңа Саяси тұғырнамасының жобасымен филиалдың атқарушы хатшысы Өмірболат Есенғазиев таныстырды.

amanat-pariyasy-zhiyn

Жаңа тұғырнама – заманауи талаптарға жауап беретін «AMANAT» партиясының басты идеологиялық құжаты екенін атап өтіп: - Тұғырнама болашақтағы бағыт пен даму бағдарларын, қағидаларын қамтиды. Ол бізді Әділетті Қазақстанды құруға тағы бір қадам жақындатады, – деді. «AMANAT» партиясының бастамалары мен бағыттары жазылған құжат мазмұнына тоқталып, онда адам мен оның әл-ауқатына негізгі басымдық берілгенін, ұлт саулығына қатысты бастамалар, балалардың мектепке дейінгі тәрбиесінен бастап, барлық деңгейдегі білім беру саласына ерекше назар аударылғанын, басты байлық денсаулық туралы, әлеуметтік тепе-теңдік, ұлттың мәйегі – руханият, ел болашағы – жастар жөнінде қамтылғанын қаперге берді. Өмірболат Өтегенұлы партияның алдағы жиындарында тұғырнама жобасының негізгі басымдықтары жеке-жеке талқыланатынын, партиялықтар жаңа құжат туралы өз ой-пікірлерін білдіре алатынын жеткізді.

           

Айнагүл Шакупова    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521