Жаңа орынбасар тағайындалды

(3 Votes)

Аудандық "Серпер" қоғамдық-саяси газеті редакторының орынбасары - жауапты хатшы қызметіне І дәрежелі тілші Айбек Нәжімов тағайындалды.

Нәжімов Айбек Әнуарұлы 1966 жылы Калинин ауылдық кеңесінде туылған. 1995 жылдың  наурыз  айынан бері  «Серпер» газетінде  бөлім  меңгерушісі, жауапты  хатшы, I дәрежелі  маман қызметтерін атқарды. Редакциядағы  сан-салалы  қызметтерді  шебер  меңгерген білгір де білікті маман. Кез келген тақырыпты толық ашып, кемеліне  келтіріп  жазып келеді. Еселі еңбегі еленген ол 2005 жылы «Құрманғазы ауданының үздік журналисті» атағын жеңіп алды. ҚР Ақпарат Министрінің  Құрмет  грамотасымен, Қазақстан Журналистер  одағының  дипломымен, облыс  және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен, «Атырау Ақпарат» КМК-ның Алғыс хат, дипломдарымен, Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының  мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521