Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады - министрлік кесте жариялады

(0 Votes)

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалатынын айтты.

2020 жылдың 13 тамызындағы бұйрыққа сәйкес, мынадай мерзімдер анықталған:

2020-2021 оқу жылының басталуы - 1 қыркүйек 2020 жыл;

1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады, 2-11 (12) сыныптар - 34 апта.

Оқу жылының демалыс кестесі:

1-11 (12) сыныптар: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл ), қысқы – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл);

1-сыныптарда: қосымша демалыс – 7 күн (8-14 ақпан 2021 жыл).

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға қарамастан, оқушылардың демалысы өзгеріссіз қалатынын айтқан еді.

"Қашықтан оқуға қарамастан, балалар қатты шаршайды. Сондықтан каникул кестесі өзгертілмейді", - деді министр. 1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқитын болады.

Бастауыш сынып оқушылары үшін мектепте кезекші класс қарастырылған.

Дереккөз: sputniknews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT