Сүйіндік жалпы орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы Балболсын Өтегенқызының ұйымдастырумен «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» мектепшілік жас мамандар арасында сайыс өткізілді.
Сайыс мақсаты жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын белсендіру, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында педагогтардың инновациялық белсенділіктерін дамыту. Сайысымызды мектеп директорының міндетін атқарушы Аймекен Ерсайынқызына сөз кезегін беріп, бүгінгі жас мамандарға мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке тұлға дамыту, қазіргі ұстаз бейнесін, білімді, тәрбиелі ұрпақты өсіру жаңа заманға қадамға басу деп сәттілік тілеп, тілге тие кетті. Сайысымызға қатысушы жас мамандарды таныстыра кетті. Олар Ақерке Талғатқызы (орыс тілі пән мұғалімі), Айнара Бекболатқызы (биология пән мұғалімі), Лағыл Алмасқызы (бастауыш пән мұғалімі), Махаббат Хасанатқызы ( ағылшын пән мұғалімі). Сайысымызды әділқазылар алқасы Алтынай Жәнібекқызы (қазақ тілі пән мұғалімі), Айнагүл Жасқайратқызы (оқу ісі жөніндегі орынбасары), Бауыржан Амангелдіұлы (педагог-ұйымдастырушысы) таныстырлып шықты. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту жаңа технологияларды өз тәжірибесінде қолдана біледі. Осы мамандықты жүрек қалауымен қалап оқуға түсіп, бітіріп бүгінде бірге әріптес болып жүрген жас мамандарымызға сәттілік тілеп сайысымыздың кезеңдерімен таныстырылды. 1- ші кезең «Шығармашылық жолдың бастауы» тақырыбында бейнепрезентация. Онда жас мамандарымыз өзін таныстырып, мамандығына деген көзқарастарын ұсынды. 2-ші кезең «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе болды. Жас мамандар өздерінің осы тақырыпта жазған эсселерін ортаға өз ойларымен бөлісті. 3-ші кезең «Ашық бейнесабақ» өз пәндері бойынша дайындаған бейнесабақтарын көрсетті. Сайыс соңында жас мамандарымыздың жұмыстарын саралауда қазылар алқасына сөз беріліп қорытындыланды. Сөз соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Аймекен Ерсайынқызы жас мамандардың алдына қойған мақсаты шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденпаз, талапты азамат етіп тәрбиелеу деп, жас мамандарды марапаттады. Әрбір жас мамандарға номинациялар берілді. Атап айтсақ, Махаббат Хасанатқызы «Талапты жас маман-2021» , Айнара Бекболатқызы «Ізденпаз жас маман-2021», Лағыл Алмасқызы «Жаңашыл жас маман-2021», Ақерке Талғатқызы «Үздік жас маман-2021»деп танылды. Сайысымызды бүгінгі білім ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу, сіздерге шығармашылық шарықтау мен өрлеу тілеймін деп сөзін қорытындылады.
Хасантаев Бауыржан,
Сүйіндік жалпы орта мектебінің
педагог-ұйымдастырушысы