Жаңа маршруттарға тұрғындар дән риза

(0 Votes)

Кеше Құрманғазы-Шағырлы-Күйген-Жасталап-Шортанбай және Құрманғазы-Теңіз-Жамбыл-Бірлік-Сафон-Котяев бағытында жолаушылар тасымалдайтын ауданішілік тағы екі маршрут іске қосылды.

«Серпер» базарының жеке кәсіпкер М.Ғабдушевтің автотұрағынан қозғалғалы тұрған көліктердің жолаушыларымен әңгімесінде аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сисатов:

–Бұған дейін Құрманғазы-Ақкөл, Құрманғазы-Мақаш бағыттарына және Құрманғазы ауылының ішіне екі маршрут шығарған болатынбыз. Алға қарай жол салынғаннан кейін Қиғаш пен Дыңғызыл бағытында да осындай жұмыстарды ұйымдастырамыз. Келесі жылы Атырау-Астрахань жолы пайдалануға берілсе, облыс орталығына да автобуспен қатынайсыздар, - деді.

d58bf85c-0cec-4738-b4f1-0a467baedd5e

Тұрғындар өз тарапынан енді аудан орталығына қатынау жеңілдей түскеніне дән риза.

«Автомобиль М»ЖШС директоры Мақсот Сүйіновтен зейнеткерлер мен мүгедектерге, балаларға қандай жеңілдіктер барын сұрағанымызда алдағы күндерде облыстық мәслихаттың шешімі шығатынын, сонда белгілі болатынын жеткізді. Осындай жақсы жаңалықтар ауданымызда жалғасын таба берсін дейміз.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT