Жаңа кодексте жаңалық көп

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі нормаларын түсіндіру бойынша жиналыс өтті.

Оған жергілікті атқарушы орган және квазисектор басшылары, ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері онлайн, оффлайн форматта қатысты.

– Баршамызға белгілі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Кодекстің мақсаты – азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекіту, жоғары тұрған орган мен сотта билік органдары дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу,- деген модератор құқықтық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Маркс Мұстахишев кодекстің негізгі нормаларын түсіндіру үшін сөз кезегін аудандық прокуратураның прокуроры Мирас Бауыржанұлына берді. Аудандық Әділет басқармасының басшысы Әсел Дарғожина қызмет бабында 176 баптан тұратын жаңа кодекстің қағидаттары негізінде шешім шығарылатынын, оны жан-жақты түсіндіру бойынша бұған дейін онлайн тыңдаулар, сабақтар, семинарлар ұйымдастырылғанын алға тартты.

Жиналысты қорытындылаған Маркс Балтабайұлы бұрындары тұрғын өзінің түсірген арызына қанағаттанбаса, жоғары тұрған уәкілетті органға шағымданатынын жеткізсе, қазіргі жаңа кодекстің талабы бойынша бірден сотқа жүгіне алатынын айтты. Сондықтан, қай сала болмасын әрбір мемлекеттік қызметшінің тұрғындармен қарым-қатынасы осы Кодекспен реттелетінін жеткізіп, алдағы уақытта жауапкершілікті күшейтіп, халыққа адал, сапалы әрі уақтылы қызмет көрсетудің маңыздылығын тілге тиек етті.

А.Шакупова  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT