Жаңа әкімге сәттілік тіледі

(1 Vote)

2021 жылғы 25 маусымдағы Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде 2021 жылдың 25 шілдесінде өкілеттік мерзімі аяқталған ауылдық округ әкімдерінің орнына алғаш рет халық дауыс беретін ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.

Сайлау нәтижесінде үміткер Роза Қамзаева айқын басымдықпен көп дауыс жинап, саяси додада жеңіске жетті. Осыған сәйкес аудан әкімі М.Мурзиевтің 2021 жылғы 28 шілдедегі 291-Ө өкімімен Қамзаева Роза Шамарқызы 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Сафон ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.

20210730_125412

Сафон ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өткен жиналыста аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, жауапкершілігі жоғары, іскерлігімен ауылдастарына танылған Роза Шамарқызының өмірбаянымен таныстырып, абыройлы қызмет тіледі. Жиналыста ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сейтеков, еңбек ардагері Өтеулі Тұрақпаев сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. Өз кезегінде Р.Қамзаева ауылды көркейту бағытында жерлестерімен бірлескен жұмысты одан әрі жандандыратынын айтты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT