Жаңа әкімге артылар жүк те жеңіл емес

(1 Vote)

Маусым айынан бері Ақкөл ауылының әкімі лауазымы бос тұрған.

Түрлі мәселе де осы ауылда еді. Жол, қоқыс, жарық, көше, ауыз суы. Бір сөзбен, Ақкөлдің ахуалы сын көтермейтін. Бірақ, қолды қаражат байлап, шешімі нақтыланбаған еді. Оған иесіз орынның да әсер етері хақ. Осыған орай, нәтижелі сайлауға бұл ауыл да таңдалып, 25 шілде күні ашық сайлауда ауыл тұрғындары өз таңдауын жасады. Аумақтық сайлау комиссиясының Ақкөл ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы шешімі негізінде Абдрахман Әлімбай Насихатұлы Ақкөл аулына жаңа әкім болып сайланды. Осы уақытқа дейін, Нұржау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметін атқарған Әлімбай Насихатұлын жаңа қызметке аудан басшысы Марат Мурзиев тағайындап, ол басқарған шақта Ақкөлдің жағымды жаңалықтарын ғана естіріне сенім білдірді.

fb_img_1627648912087

Жергілікті тұрғындармен тығыз жұмыс жасап, жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешуде белсенділік танытуға шақырды. Жаңа әкімді тағайындауға жергілікті қоғамдастық мүшелері мен мекеме басшылары қатысты. Өз кезегінде, Әлімбай Абдрахман өзін таңдаған халықтың сеніміне кір келтірмей, оған артылған міндетті өз шегінде орындауға, күрмеуі шешілмей тұрған мәселелерді шешуге уәде етті.

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT