Жаңа әкімге қандай міндеттер жүктелді?

(0 Votes)

Махамбет Досмұхамбетов Құрманғазы ауданы әкіміне ауыз су, жол, газ жеткізуге байланысты нақты тапсырмалар берді.

  • «Сондай-ақ, аймақ басшысы халықты сапалы баспанамен қамтуды, инвестиция тартуда нақты нәтижелерге жұмыс істеуді тапсырды» деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.
  • «Соңғы жылдары Құрманғазы ауданын көркейту, елді мекендерге ауыз су, жол, газ жеткізу бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Бірақ, алда тұрған міндеттер де ауқымды. Басты бағыт -​ тұрғын үймен қамту көрсеткішін ұлғайту. ​ 2020 жылы аудан бойынша​ 123 тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда, жақсы көрсеткіш. Осы жұмыстардың қарқынын баяулатпауды, жаңа ықшамаудандарға, елді мекендерге коммуникациялық желілерді жүргізуді жалғастыруды тапсырамын» деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Облыс әкімі Құрманғазы өңіріне инвестиция тарту мәселесінің өзекті екендігін атап өтті. «2020 жылы бұл бағытта «Бұйырғын» құс фермасы, Бірлік ауылынан​ балық өңдеу зауыты,​ ​Құрманғазы ауылынан 40 орындық жаңа қонақ үй пайдалануға беріліп, ​ «Қиғаш» туристік базасы жаңғыртудан өтті.​ Нәтижесінде​ ​ 206 адам жұмыспен қамтылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуы тиіс. Сонымен бірге, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау бағытындағы шараларды​ қолға алу керек» деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай ақ, облыс әкімі халыққа таза ауыз су жеткізу жүйесін жаңғыртуға, қылмыстық құқықбұзушылықтың көбеюіне байланысты тиісті органдармен бірлесе жұмыс атқаруға байланысты бірқатар тапсырмалар берді. ​

  • «Азғыр елді мекендеріндегі жол мәселесі, аудандағы әлеуметтік объектілердің жағдайы, аудан орталығы мен ауылдарды абаттандыру, қоқыс алаңдарын салуға назар аудару керек. Осы бағытта ұсыныстар енгізуді және басталған жұмыстардың сапалы​ ​аяқталуын қамтамасыз ету қажет» деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

https://atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT