Жаңа әкім қызметіне кірісті

(3 Votes)

Аудан әкімінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы өкімімен Қадыров Бауыржан Нұрлығалымұлы 2021 жылдың 5 қаңтарына бастап Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің лауазымына тағайындалды.  

Қадыров Бауыржан Нұрлығалымұлы 1978 жылы 21маусымда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Енбекші ауылында дүниеге келген.  

Ұлты–қазақ, білімі–жоғары. 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1999 жылы Ганюшкин селолық округінің  әкім  аппаратының  маман  есепшісі  болып бастады. 2002-2005 жылдары Құрманғазы аудандық қаржы бөлімінде жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау жөнінде бас маман, 2005-2009 жылдары Құрманғазы аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 2009-2011 жылдары аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы, 2011-2012 жылдары  Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры,  2012 жылдың тамызынан бастап 2012 жылдың қыркүйегіне дейін Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бухгалтерлік есеп және ұйымдастыру қаржылық жұмыс бөлімінің  бас  маманы қызметтерінде болды. Құрманғазы аудандық мәслихатының  IY  шақырылымының  депутаты болып  сайланды.

2012-2015 жылдары аудандық қаржы бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі, 2015-2017 жылдары аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы  қызметтерін атқарды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Құрманғазы аудандық мәслихатының  Құрмет грамотасының иегері.  Жанұялы. 

К.Махсутов, Аудан әкімі аппараты

басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521