Аудан көлемінде дәрігерлер тапшылығы көптен бері айтылып келе жатқан мәселе. Ол әсіресе індет кезінде, екпе салуда айқын сезілді. Енді міне, «Көл тамшыдан құралады», дегендей, ауданымыздағы ақ халатты абзал жандар қатары жаңа қызметкерлермен толықты.
– Қазір аудан көлемінде медицина қызметкерлері тапшылығын жоюды қолға алып жатырмыз. Жақында ғана ауданымызға алты дәрігер келді. Олардың 1-і терапевт, 4-і жалпы тәжірибе дәрігері, 1-і педиатр, яғни бала дәрігері. Барлығы да үймен қамтылды. Алдағы уақытта 1 невропатолог, 1 жұқпалы аурулар дәрігерін шақырту жоспарымызда бар. Сонымен қатар, маман шақырып үйлестіру орталығының жұмысын жандандырамыз. Үйлестіру орталығын ашудағы басты мақсатымыз – дәрігерлердің жұмысын бақылау, «Даму» бағдарламасын жетілдіру, науқастарға қолдау көрсету, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қолға алу, скринингті бір ретке келтіру, - дейді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Асулан Абдрахманов.
Жағымды жаңалықты сіздермен бөліскенді жөн көрдік. Іске сәт дейміз!
Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.