Жаңа бетбұрыс жасайтын тың тәсіл

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жасаған мәлімдемесін ықыласыммен тыңдадым.

Президент қазіргі жағдайды жанжақты саралады. Еліміздің алдында тұрған қоғам мен үкімет арасындағы трансформация, әлеуметтік мәселелер және т.б. мәселелерді жан-жақты талдады. Құзырлы мемлекеттік органдарға нақты міндет жүктеді. Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміз бен сыртқы саясаттағы жетістіктерімізді баянды ету үшін қандай жағдай болмасын бәрі де өз ретімен жасалуы тиіс екендігін қадап айтты. Ол білім саласына айрықша тоқталды. Әсіресе педагог тапшы өңірлердің мәселесін шешудің жаңа әдісі көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. «Біз мектептерді қалай материалдық жағынан қамтамасыз етсек те, білім сапасын жақсы мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес», — деп Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Бұл — педагогикалық білім беру саласына жаңа бетбұрыс жасайтын тың тәсіл.

 

 Нұргүл Жумалиева,

С.Имашев атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521