Аудан әкімінің № 25-Ө өкімімен Мусин Шынболат Шынтемірұлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Ш.Мусин 1988 жылы Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында туған. Білімі жоғары, 2005-2009 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы «ПрестижСтройИнвест Ко ЛТД» ЖШС-де заң көмекшісі қызметінен бастап, 2010-2021 жылдар аралығында «Алмас-Семсер», «Полиграм» ЖШС-інде заңгер-кеңесші, заңгер, Қиғаш ауылдық округі әкімі аппаратында, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.
Жаңа тағайындалған лауазым иесін жиналғандарға таныстырған аудан әкімі Марат Мурзиев бірқатар қызметттерді біріктірген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тәулігіне 24 сағат жұмыс жасауды қажет ететін күрделі сала екенін атап өтіп, мемлекеттік қызметте жинақтаған азды-көпті тәжірибені пайдаланып, бұл қызметті де жақсы атқарады деген сенімін білдірді.
Айбек МЕЙІРМАН