Жаңа аурухана есігін айқара ашты

(4 Votes)

Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатыны белгілі.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ауданымызда жаңадан бой көтерген орталық аурухана ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

img_0060

img_0037

75 орындық заманауи типті емдеу орнында бес бөлім жұмыс жасайды. Перзентхана, хирургия, балалар бөлімшесі, инфекциялық және жалпы терапия бөлімдері салаға қажетті соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталған.

img_0071

img_0089

img_0125

Ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Қайрат Нұртаев:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес, аталмыш әлеуметтік нысан халықтың медициналық мекемелерге деген қолжетімділігін арттыруға үлкен септігін тигізіп отыр. Енді аудан тұрғындарының еңкейген қариясынан, еңбектеген баласына дейін енді заманауи ауруханада емделетін болады. Өз кезегінде мұндағы ақ халатты жандар да озық медициналық құрылғыларды күтіп ұстап, халықтың игілігіне жаратады деген сенімдемін. Бұл нысан облыс әкімі Махамабет Досмұхамбетовтің қолдауымен «NCOC» компаниясының қаржыландырылуымен салынды. Мердігер мекеменің өңірімізге жасап отырған қамқорлығы ұшан теңіз. Бұған дейін ол алыстағы Азғыр өңіріне көгілдір отынның жеткізілуін қамтамасыз етсе, аудан орталығындағы 60 пәтерлік үй де осы компанияның демеушілігімен тұрғызылды. Пандемияның «екінші толқынына» дайындық барысында, жаңа аурухананың хирургия бөлімі провизорлық стационар ретінде жасақталды. Бөлімшелердің барлығында 63 оттегі нүктесі бар. Жаңа нысан үнемі жақсылықтың жаршысы болсын, - деген тілегін білдірді.

img_0132

img_0145

Салтанатты шарада «NCOC» компаниясы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалары департаментінің басшысы Руслан Аубекеров символикалық кілтті аудандық орталық аурухананың директоры Гүлсара Мүтиеваға табыстады.

img_0152

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521