Жүргізушілік куәлігіңіздің мерзімі таяп қалды ма? Онда Атырау қаласында орналасқан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, уақытыңызды үнемдеп, Құрманғазы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе үйден не жұмыс орныңыздан-ақ куәлікке тапсырыс беруіңізге болады.
Ол үшін қандай қадам жасау керек? Бастысы – Сізде электронды цифрлық қолтаңбаңыз болуы тиіс. Компьютеріңіз ғаламтор желісіне қосулы болса, e.gov порталына кіріп,
1) қызмет түрін таңдайсыз;
2) Онлайн сұранысқа тапсырыс бересіз, одан өзіңіз туралы мәлімет шағады (егер көлігіңіз болса, көлік салығының төленгені, айыппұлдың бар-жоқтығы, мүмкіндігіңіздің шектеулі еместігі туралы мәліметтер автоматты түрде расталады); 3) Одан соң жүргізуші куәлігіңізді қай Мамандандырылған ХҚО-нан алуды таңдайсыз (Мысалы: Атырау қаласы, Солтүстік өндірістік аймағы 69);
4) Содан кейін қан тобын көрсетесіз (Мысалы: II оң);
5) Бұдан соң өзіңіздің фотосуретіңізді жүктейсіз (фотосуреттті ұялы телефон арқылы да түсіруге болады, рұқсат етілген көлемі 20 кб аспауы керек);
6) Сосын қол қою үлгісін жүктейсіз (қол қойылған фотосуретті ұялы телефон арқылы да түсіруге болады, рұқсат етілген көлемі 16 кб аспауы керек);
7) Келесі қадам мемлекеттік баж төлейсіз (қолданыстағы банкомат карточкасындағы нөмірді банк өтінішіне енгізесіз, төлем мөлшері 3226 тг);
8) Содан соң қол қоясыз.
Бір сағаттың ішінде қызметтерді алу тарихына құжатыңыздың дайын екендігі жөнінде хабарлама келіп түседі. Сол арқылы жоғарыда таңдалған мекенжай бойынша дайын құжатты ала аласыз. Дайын куәлікті алуға барғанда , портал арқылы берген өтінішіңізді, төлем чегін, ескі куәлігіңізді тапсыру үшін ала келіңіз. Ескерту. Бұл тек жүргізушілік куәлігіңіздің мерзімі бітпей тұрғанда жасалатын іс-әрекет! Егер куәлік мерзімі бітсе, дәрігерлік тексерістен өтуіңіз шарт. Ал, 1) куәлікті алғаш алғыңыз келсе; 2) сот қаулысымен жүргізу құқығынан айырсаңыз; 3) өзге санатқа тапсырғыңыз келсе, емтихан тапсырасыз!
Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Құрманғазы ауданының бөлімі арқылы оңай әрі тез мүмкіндікті пайдаланып 4-5 қызмет алушылар жүргізуші куәліктерін ауыстырды. Солардың бірі - Умирзахов Райс Амиргалиевич орталық арқылы тапсырыс беріп, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін алды. Осы ыңғайлы мүмкіндікті пайдалану кеңес беріп түсіндірген, Халыққа қызмет көрсету орталығына бөлімінің мамандарына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ баспасөз қызметі