Жүректерді тербеген сәт

(0 Votes)

Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп те білім күні өз шәкірттерін үлкен салтанат үстінде қабылдады.

Мектеп директоры Болатбек Сайыпов өзінің құттықтау тілегіне қоса, алда тұрған міндеттерді саралады. Республикалық, облыстық сайыстарда топ жарғандар есімін атады.

img_2795

img_2798

Алғашқы қоңырау салтанатында Жаңаталап ауылдық округі әкімінің кеңесшісі Самиғолла Зұлпыхарұлы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Сапарғалиев, 1 сынып ата-аналары атынан Мәрмәр Жағыпарова апай сөйлеп, жаңа оқу жылында жоғары жетістіктерге жетулеріне өз тілеулестіктерін білдірді.

img_2816

img_2826

Биылғы 1 сынып жетекшілері Динара Хасанова, Үміт Досмұханбетова, Бибігүл Шиямеденова бүлдіршіндерімен ортаға шақырылып, өздерінің дайындаған сәлемдемелерін жолдады. Бұдан кейін "Алғашқы қоңырау" салтанатты шарасы шалқыған ән, жүректі тербер жыр жолдарымен жалғасын тапты.

img_2830

img_2842

Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер Қайырболат Мақсат, Дәуренқызы күміс қоңырауды күмбірлете соқты.

img_2847

А.ШАКУПОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT