Жүрек жылуы

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Құрманғазы аудандық мүгедектер қоғамының» ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық концерті өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев алғысөзбен ашып,  ерекше жандарды айтулы мерекесімен құттықтап, бұрынғы мүгедектер қоғамының төрайымы Рая Ырысдәулетқызына және еңбек ардагерлері Болат Қалиев пен Ғилман Құспановқа аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

621a8b49-9fc7-4b09-9224-03a7281908c8

Кейін әр ауылдық округтен келген қоғамның осы бір осал топтарының мерекелік нөмірімен  шара көркі қыза түсті. Ортада әсем ән шырқалып, тебірене поэзия оқылып, тәтті күйге ұласты. Олардың бойға сіңген таланты арқылы пәк жүрекпен көрсеткен өнері – қалың көпшілікке терең ой салғандай болды.

7e4e489d-2686-40de-a82e-536550ce81ad

Шара соңында, бірлестік төрайымы Гүлсара Қайырленова,  шараға қатысқан өнерпаздарды «Құрманғазы аудандық мүгедектер қоғамының» Алғыс хатымен марапаттап, әсерлі кешке қосқан үлестеріне ризашылығын білдірді.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521