Жүрдім-бардым жасалған жұмыс

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысында комиссия мүшесі Қадырбай Жармұхамбетов: – Самаркин және Құрылысшылар мөлтек ауданына баратын судан қорғану бөгеттері үстінен салынған жаяу жүргіншілер жолы еш сынды көтермейді.

Жолшылардың жүрдім-бардым жасағаны айдан анық көрініп тұр. Табанына топырағы аралас қиыршықтас төсегенімен қоймай, асфальтті де бияздың қабығындай етіп бүркемелей салды. Оны көпшілік жүргінші көріп жанайқайларын жеткізді де. Бірақ бұған құлақ асқан ешкім болмады.

i

Сапасыз жасалған тротуардың көп уақыт өтпей жатып әр жерінен шодырайып ісіп, астынан жантақ жарып шыға келді. Осы бақылау комиссиясының араласуымен біраз бөлігі қайтадан істелген еді. Биылғы көктемде сол көрініс қайталанды. Жолшылар бұл жолы қайта төсеп жатпай, ісінген жерді, қылтиған көкті дәу балғамен ұрып-ұрып езгілеп, солярка құйып күйдіргендей болды. Жантақ күй талғамайтын шөп қай жерге де шыға береді, оны тек тамырымен ғана құрта аласың. Мұны басында ойластырып, бір әрекет жасау керек еді. Жаға бойы қаулаған жантақ екенін көздері көрді емес пе? Шөп тесіп шыққан тротуарды қайта төсетудің бір шарасын алып, сапалы жұмысты талап етуіміз керек. Тағы бір айтарым, асфальт салғанда су ағары қаралмаған.

i

Жаңбыр жауса көл болып бетінде кілкіп тұрады. Кезінде, асфальттың бетін қырғанда одан шыққан қоқысты жол шетіне тастамаңдар деп ескертілді.Қанша айтсақ та сол қоқысты алмай, көрінбейтін етіп бетін топырақпен жауып тастады. Сол себепті судың ағатын жері болмаған соң, көліктер шашыратып кешіп өтеді. Маған сенбесеңіздер барып қазып қарайық, - деді жол құрылысымен айналысып жатқан мердігер мекеме өкіліне сын айтып.

Редакция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT