Жәрдемақылар 30 пайызға артты

(0 Votes)

18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеуші және 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топ мүгедектерге күтім көрсетіп отырған ата-анасы немесе қамқоршыға төленетін жәрдемақы 2019 жылдың бірінші шілдесінен бастап 30 пайызға артты.

18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-анасы немесе қамқоршысына бұл жәрдемақы 2010 жылдан бері төленіп келеді. Ал, жасы 18-ден асқан бірінші топ мүгедектерге күтім көрсетіп отырған қамқоршыларына да 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап төлеу қолға алынды.

Аталған жәрдемақылар 2018 жылы 29699 теңге, 2019 жылдың қаңтарынан бастап 31183 теңге көлемінде төленсе, ағымдағы жылдың шілдесінен бастап жәрдемақы 30 пайызға артып, 41578 теңге төленуде.

Г.САДЫҚОВА,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚның Атырау облыстық филиалдың 

әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Құрманғазы аудандық бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT