Жөнелтпе құжаттары – міндеттілік!

(0 Votes)

«Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі 1999 жылғы 11 ақпандағы №344-І ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, өсімдік өнімімен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттен тыс жерлерге фитосанитариялық, еліміздің ішінде карантиндік сертификаттар және облыс аумағында тасымалданатын өнімдерге жөнелтпе құжаттардың болуын міндеттейді.

Бұны ескермеген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 400 бабы 1 тармақ 2,16 тармақшаларына сәйкес, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коомерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығын ескертеді. Өсімдік өнімін тасымалдайтын кәсіпкерлер карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 400 бабы 1 тармақ 5 тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы жағдайларды ескере отырып, сіздің карантиндік өнімдерге байланысты құжаттардың заң талабына сай рәсімделуін сұрайды.

Үздік Қамеденова,

аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы,

өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT