«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жыл қорытындысымен «Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бойынша 36 млн.теңгеге 8 жоба несиелендірілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 60 кәсіпкерлік субъектісіне 213 млн.теңге несие берілді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 10 шаруа қожалығы 50 млн.теңгенің несиесіне қол жеткізді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 8 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы құны 42 млн.теңгеге 11 арнайы техника лизингке алынды. "Бизнестің жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлік субъектілеріне 2 жобаға және жастар жылына орай ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге 3 жобаға, жалпы құны 9,5 млн.теңге қайтарымсыз мемлекеттік грант бөлінді, 4 жобаның кредиттік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланды. «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобаларымен 380 адам оқып, 163 адамға 807 млн.теңге грант төленді. «ZhasProjekt» жобасына 61 жоба тапсырылып, 21-і 1 млн теңгенің грантына ие болды.
Есепті кезеңде 1259 адам жұмыссыз ретінде ресми тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайызды құрады, 1250 жаңа жұмыс орындары ашылып, 315 адам тұрақты, 935-сы уақытша жұмысқа орналасты. Жолдама негізінде 14 мүмкіндігі шектеулі тұрақты жұмыспен қамтылды, 6 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша өз ісін ашты, 8-і кәсіби оқуға, 42-сі ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. 951 отбасындағы 5483 адамға 600 млн.теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі төленді. Бұрынғы Азғыр полигонымен шектес елді мекендерде тұратын 252 мүмкіндігі шектеулі жандарға жалпы құны 8 млн.теңгенің ай сайынғы әлеуметтік көмегі төленді. 24 аз қамтылған отбасына 577,0 мың теңгенің бір жолғы көмегі төленді, көмек алушылар саны өткен жылдан 50 пайызға азайды, - деген аудан басшысы басқа салалар бойынша атқарылған жұмыстарды слайдтар бойынша таныстырып, шешімін табуды қажет ететін проблемаларды назарға беріп өтті.
А.Нәжімов