Жұмыс режимі сақталуда

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс уақыты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңына және «Құрманғазы аудандық Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес айқындалып, қызметшілер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы бекітілген.

Осы ретте, мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс уақыты аптаның дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Осыған байланысты, бекітілген жұмыс регламентінің мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзылмауын қадағалау мақсатында аудан әкімдігінің №2 ғимаратына 2023 жылдың сәуір айында кіріп-шығуын бақылау жүйесі (СКУД) орнатылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында мемлекеттік қызметшілерге сәйкестендіру картасы жасақталып, кіріп-шығуын бақылау құрылғысы арқылы «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен ықпалдастырылды. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет өткеруде қызметшілердің кіріп-шығуын бақылау жүйесі еңбек тәртібі мен жұмыс режимін қатаң сақтауда маңызды роль атқарады.

 А.Әнес,

аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және

құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521