Жұмыртқа неге қымбаттады?

(0 Votes)

Сұрақ. Нұрғали Ақпанов: Жаңа жыл басталысымен азық-түлік дүкендерінде жұмыртқаның бағасы күрт қымбаттап шыға келді. Аудан орталығындағы, әсіресе ауылдық округтегі кейбір дүкендерде жұмыртқаның он данасы 400-450 теңгеден сатылып жатыр. Енді әлеуметтік маңызы бар тағамның қымбаттауы тұтынушыға оңай тимей отыр. Осы жайтқа не түрткі болғанын білсек дейміз?

Жауап. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Саламат Қабдолов: Атырау қаласындағы сауда нүктелерінде жұмыртқаның құны 50-60 теңгеге дейін көтерілген. Аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топтың бақылауы нәтижесінде, аудан орталығындағы сауда нүктелерінде жұмыртқаның бағасы орташа есеппен 37-42 теңгенің аралығын құрайтынына көз жеткіздік. Көтерме сауда дүкендерінде 39-40 тг, «Қиғаш» азық-түлік дүкенінде С1 сұрпы - 39 тг, «Сұлтан» азық-түлік дүкенінде 41-42 тг шамасында сатылуда. Ал, жоғары сұрыпты үй жұмыртқасының 1 данасы 60 теңгемен бағаланып отыр. Еліміздегі ірі құс фабрикаларының бірі жабылғаны да қалтаға қолайлы жағдайда қажетті тағамымызды алуға қиындық тудыруда. Көпшілікке белгілі, бірқатар кәсіпкерлер дүкеніне қажетті азық-түлікті Астрахань қаласынан тасымалдайды. Ал саудагерлер болса, аталмыш тағамды сол жақтағы бағасын көп көтермей сатылымға шығаратындарын алға тартуда. Соңғы 1 аптада Астрахань қаласында жұмыртқаның құны 1-2 рубльге түскен. Соған сәйкес, енді біздегі баға да төмендейді деген үміттеміз.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521