Бүгінгі өмірімізді ақпарат құралдарынсыз көзге елестете алмаймыз. Жер бетінде, елімізде, ауданымызда болып жатқан барлық жаңалықтарды жеткізетін мерзімді басылымдардың қоғам өмірінде орыны ерекше. Әлеуметтік желілер дамыса да олар өз мәнін жоғалтпайды.
Мерзімді баспасөзге 2021 жылдың І жартыжылдығына жазылуда Кудряшов ауылдық округі аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетіне берілген 280 дана болжамды 289 етіп, артығымен орындағанын қаперге беремін. Осыған орай жазылуда белсенділік танытқан ауыл тұрғындарына, аудандық мәслихаттың депутаты Болат Абдоловқа, «Төбе Арал Ойл», «Сұңқар», «Тілекші» ЖШС-не, «Капий-Балық» ӨК-не, жеке кәсіпкерлер Гауһар Болатбаеваға, Ризабек Дайыновқа, округтегі бюджеттік мекемелерге алғысымызды білдіреміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дегендей, жылына екі рет келетін науқанда елге болсын дейтін ниеттегі жомарт кәсіпкерлер сөзімізді жерге тастамай аз қамтылған отбасыларына қол ұшын созып жатады. Оларға жақсылықтарының алдарыңыздан шықсын деген ізгі тілегімізді жеткіземіз.
С.Ертелеуов, Кудряшов ауылдық округінің әкімі