Ақкөл ауылдық округі бойынша «Серпер» үнпарағына 350 тұрғын жазылып үлгерді.
Аудан жаңалықтарының жаршысына жазылуда демеушілік көрсеткен кәсіпкер,меценаттар: Айжамал Ізтілеуова, «Бақтылы нан» ұжымына, Зульфия Жұмағалиева, Жұмагелді Жүнісовке, сондай-ақ газет жанашырлары болып осы науқанда белсенділік танытқан жергілікті мекеме басшылары: Д.Сәрсембиева, А.Қаржауова, М.Нәжиев, Е.Тариховтарға, ұйымдастырған округтің бас маманы Г.Баянова, пошта меңгерушісі Т.Бурхановаға аз қамтылған отбасылар және округ әкімшілігі атынан зор алғысымызды білдіреміз.
Әлімбай Әбдірахман, округ әкімі.