«Жұмекен - жыр жұлдызы"

(1 Vote)

Даңқты жерлесіміз, еліміздің Әнұраны авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына биыл 85 жыл толып отыр.

Осыған орай Еңбекші ауылдық округінің орталығы Жұмекен ауылында «Жұмекен – жыр жұлдызы» атты шара ұйымдастырылды. Округ әкімі Руслан Әмірханов құттықтау сөзінде:

img_6099

– Жұмекен сайын даланың Құрманғазы мен Дина дүниеге келген топырағынан шығып, күллі қазақтың рухын көтеретін шығармаларын кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырды. Қошалақ топырағынан түлеп ұшып, 1956 жылы ұлтымызды әлемге әйгілеген «Менің Қазақстаным» әнін жазды. 48 жыл ғұмырында қазақ әдебиетінде өшпестей із қалдырды, - деп шараға сәттілік тіледі.

img_6102

Еңбекші ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділхан Қалиев:

– Ол өзінің теңіз тұңғиығындай дарындылығымен қаламгерлер ортасында шоқтығы биік, қайталанбас тұлға екенін, биік тұрғанын танымал жазушылар айтып келе жатырғанына жақсы куәміз. Сондықтан Жұмекеннің атын алған ауыл екенімізді үлкен мақтаныш тұтамыз. Бізді еліміз, әлем біледі. Ақынның өміріне қызығушылар көп. Бәрі де оның туған жерінде болғанды қалайды. Тағы да зерттеуге жан-жақтан тарихшылар келе жатыр. Олардың алдында жерге қарап қалмау үшін Қошалаққа барар жолдың бойына қойылған белгінің маңын таза ұстауды ескерейік. Ақылы қызметтің адамдарын жіберіп тазалатпаса, әрлі-берлі жүргендер қоқытуда. Қазір Қазақстанның көптеген жерлерінде ақынның мерейлі жасы тойланып жатыр. Шығыс облыстарда, бұрын Жұмекенді білмеген жерлерде де атап өтілуде. Бірақ, өкінішке орай өзінің туған жерінде осы шаралардың барысы баяу, көңілге қаяу түсіретін жағдайда. Көңілім толып тұрған жоқ, - деп бұл жөнінде аудан әкімімен сөйлесіп, аудандық деңгейде атап өтуді ұсынғанын жеткізді.

img_6112

Сонымен қатар, жаңа шыққан шежіре кітапқа деректер жинау жайын қозғап, ауылдастарын бұған дейінгі қалыптасқан дәстүрден ауытқымай мерзімді басылымдарға жазылуда ұйымшылдық танытуға шақырды. Қошалақ ауылының тұрғыны, айтыскер ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Серпер» газетінің штаттан тыс тілшісі Есмұхан Жанизин алғашқы өлеңін жерлес ақынға арнағанын тебірене еске алып:

– Мен Жұмекенге өлеңмен ескерткіш соғуды ойладым. Төрт жыл ойланып, ақыры бас-аяғы 20 күнде Жұмекенге арнап дастан жазып шықтым. Мақтанғаным емес, қарап отырсам Ақтау қаласындағы Светқали Нұржан екеуімізден басқа ешбір қаламгер мұндай игі іске бармапты. Алға қарай Жұмекен жайлы қалам тербейтіндер көбейсе деген тілегім бар, - деп кезінде «Жұмекен оқуларын» өткізуге ұйытқы болғанын, ол 2007 жылдан бастап аудандық, облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылып жүргенін қаперге берді.

img_6107

Шара соңында мерейлі жасқа толған ауыл тұрғындары Мұхит Қаженов, Ұлмекен Қажығалиева, Клара Ниғыметова, Жәрдем Хайреденов, Исмағұл Тұралиевке аудан, округ әкімдерінің құттықтау хаттары табыс етілді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521