Жұмекен жырлары жігер сыйлады

(0 Votes)

Аудан бойынша 34 мектепте 10 495 оқушы білім алды.

562 мектеп түлегі үлкен өмірге қанат қаққалы тұр. Оның ішінде 25-і «Алтын белгіге» үміткер.

Ауданымызға қарасты мектеп директорлары мен ұстаздары "Соңғы қоңырау" мерекесін естен кетпес етіп, сән-салтанатын келістіріп сезіндіру үшін қолдан келгенді жасады. Салтанатты шара аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Өтемісқызының онлайн құттықтауымен басталды. Ол мектеп директорларына, ұстаздарға, оқушылар мен олардың ата-аналарына алғыс білдіріп, қиын сәтті бірлесіп еңсере білудің арқасында құнды тәжірибе жинақталғанын, оның болашақтағы заман сынағына төтеп беруге көмектесетінін алға тартты.

Оқушылар Zoom платформасы арқылы өткен сынып сағаттарында көрнекті ақын, жерлесіміз Жұмекен Нәжімеденовтің 85 жылдығына орай "Atyray" телеарнасының бастамасымен жүзеге асырылған #Jumeken85 өлең эстафетасына қолдау білдіріп, ақынның жырларын оқыды. Жұмекен жырларымен жігерленген оқушылар қиын сәтті бірге жеңуді мақсат етті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521