«Жұлдыздар шеруі – 2023»

(0 Votes)

М.Әуезов орта мектебі жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде «Ең үздік олимпиадалық ауыл мектебі – 2023» аталымын иеленген болатын. 

Аталған білім ордасының 130 дарынды оқушылары республикалық, облыстық түрлі олимпиадалар, байқаулар, ғылыми жобалар мен спорттық сайыстардан жүлделі орындардан көрінді. Осыған орай мектепішілік слет ұйымдастырылды.

Еліміздің Әнұраны ойналғаннан кейін мектептің абыройын асқақтатқан дарынды оқушылар қошеметпен ортаға шақырылды. Келесі кезекте оларды сол жарыстарға дайындап, шеберліктерін шыңдаған ұстаздар сап түзеп жүріп өтті. Мектеп директоры Гауһар Құбашева оқушылар мен ұстаздар қауымын, қатысып отырған ата-аналарды мерейлі сәтпен құттықтап: – Бүгін мектебімізде дарынды оқушыларды таныту, олардың бойындағы осы қабілетті аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде «Жұлдыздар шеруі – 2023» атты жетістіктер форумын өткізгелі отырмыз. Дарынды жас – еліміздің болашағы, баға жетпес қазынасы. Білім мен ғылымды, өнерді, спортты серік еткен оқушыларымыз өте көп. Олардың аудан, облыс, республика көлемінде жеткен жетістіктерін мақтан етеміз. Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың да еңбегі зор. Ал, үйдегі тәрбие әрине, ата-ананың арқасы, – деп шараның өтуіне демеушілік жасаған ардагер ұстаз Рита Мырзалықызы, жеке кәсіпкер Жеңіс Қалижанұлы, мектептің тәжірибелі ұстазы Гүлзада Райыпқызына ризашылығын білдіріп, дарынды оқушылардың үлкен бір тобына Алғыс хаттар табыс етті.

Дарындылар мен ұстаздарды марапаттау рәсімін мектептің әкелер кеңесінің төрағасы Сәбит Мұқанов, ардагер ұстаз Жұмақай Ғұмаров, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғалия Жұманова, ата-аналар комитетінің төрайымы Балжан Жұмалиева жалғастырды. Шара барысында мектеп оқушыларының өнері тамашаланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521