Жүгенсіздікке тыйым бола ма?

(0 Votes)

Көптен күткен Атырау-Астрахан тас жолының құрылысы басталып жатқанына баршамызда қуанып жатырмыз.

Сол өрекпіген көңілімізді түсіріп тұрған бір жайтты айтпай кетпеске амал болмай тұр. Өздеріңізге белгілі жол құрылысына қажеттінің бәрі Ақкөлдегі темір жол тұйықтарынан тасымалданады. Жеткізу жұмыстарын күндіз-түні салмағы ауыр және дөңгелектері қатты(жесткий) халық арасында «шахман» аталып кеткен қытайлық жүк көліктері атқарады.

Асфальт жолдан бөлек жанына айналма жол (объездной) салынғанымен жүргізушілері тақтайдай жолмен жүргенді қош көреді. Оларға бәрібір жұмысы біткен соң кетеді, қиындығын көретін біздер болып қаламыз. Күннің ыстығында 30 тонналық жүк көліктері қандай ма сапалы асфальт жолыңды да жаншып езіп, ми-палауын шығармай ма?! Осы жерде жергілікті әкімдік, қоғамдық кеңес, басқа да мүдделі органдар неге жан ауыртпайды деген ойға қаламын. Мердігер мекемені мұндай жүгенсіздіктері үшін жауапқа тартуға болмай ма дегенде орынды ой туындайды. Жергілікті полиция бөлімі де осының бір шарасын алғандары жөн. Бір жерін түзетіп, екіншісін бүлдірген кімге зиян, кімге пайда?!

Елеусін ИБРАГИМҰЛЫ,

Ақкөл округі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT