Жәбір көрсетуге жол жоқ!

(0 Votes)

Республика көлемінде қаңтар-ақпан айлары аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланды.

Осыған орай аудан көлемінде де Құрманғазы аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Құбашевтың бұйрығына сай тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Онда профилактикалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру арқылы қылмыстық ахуалды оңалту, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу көзделген.

Егер, Сіз өз отбасыңызда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан жәбірленсеңіз немесе бұл бағытта сұрақтарыңыз болса, аудандық ПБ-нің 2-11-20, 2-15-88 телефондарына қоңырау шалыңыз.

Т.Исаев,

аудандық пробация бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы, полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT