Жұқа мұзға жоламаңыз!

(0 Votes)

Күз-қыс мезгілінде су объектілерінде қауіпсіздік ережесін сақтамау адамдардың қазаға ұшырауы мен жарақаттануының жиі себебі болады.

Қайғылы оқиғалар орын алмау үшін, әдетте, су айдындары біркелкі қатып қалмайтындығын ескеру қажет. Мұздың беріктігін көзбен шолып анықтаудың қиындығы жоқ. Көгілдір түсті мұз ең берік болып саналады, ақ немесе сарғыш түсті мұз сенімсіз. Жаппай сырғанау кезінде оның қалыңдығы кемінде 25 см болуы тиіс.

Егер сіз суық суға абайсызда түсіп кетсеңіз:

- абыржымаңыз, қатты қимыл жасамаңыз, тынысты тұрақтандырыңыз;

- қолыңызды екі жаққа жазып жіберіңіз және мұздың жиегінен ұстауға тырысып, ағыс бағыты бойынша денеге көлденең жағдай беруге ұмтылыңыз;

- мұз шетіне кеудемен жатып, келген жағыңызға қарай еңбектеңіз, өйткені онда мұздың беріктігі тексерілген.

Егер зардап шегушіге сіздің көмегіңіз керек болса:

- Ұялы телефонмен «112» номерін теріп, құтқарушыларды шақырыңыз;

- Суда тұрған адамнан бірнеше метр қашықтықта тоқтаңыз, оған кез-келген арқанның, киімнің шетін лақтырыңыз, таяқ немесе ағаш бұтағын жалғаңыз;

- Зардап шегушінің сулы киімін шешіңіз, спиртке батырылған шүберекпен немесе қолмен денені (тері қызарғанша) жан-жақты ысқылаңыз, зардап шеккенге ыстық шай беріңіз.Ешбір жағдайда зардап шегушіге алкоголь татырмаңыз. Мұндай жағдайда бұл өлімге әкелуі мүмкін.

А.Ахбалин,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT