Құрманғазы ауданы “Құрманғазы-Туған жер” қоғамдық қоры аясында “ӨЗГЕРІС КӨШБАСШЫ” жобасынан сәтті өттім. Бұл жоба мен үшін маңыздылығы жоғары - ТАБЫС ФОРМУЛАСЫ
Кеше алғашқы кездесу облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлымен бірінші күнгі кездесуіміз қызықты өтті. Спикерлерден өзім үшін біраз пайдалы инсайт алдым, әсіресе үнемі ізденісте жүретін тұлғаның кітап оқуға деген құлшынысы өте жоғары.
Алдағы уақытта қажетті қолдау болатыны қуантты. Өзім жалпы мүгедектерге, ерекше жандарға арналған әлеуметтік орталық құру жоспарымыз бар деп жеткіздім, Алла бұйырса оғанда жетермін.
«Өзгеріс көшбасшылары» – үздік жас көшбасшыларды анықтап, олардың саяси білімі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған тың жоба.
Құрманғазы ауданынан осындай керемет жобадан сәтті өткеніме қуанамын, керемет жоба, нәтижесі жоғары. Ауыл жастарына осындай мүмкіндік сыйлаған Атырау облыстық ішкі саясат басқармасына Әмина Жәрдемқызы, Абылай Құрметұлына үлкен алғысымды білдіремін!
Азамат Абдуллаев