Өзендерді қазу жалғасын табады

(0 Votes)

Бірнеше сағат бойы қайықпен аралап, балықшылардың шаруасы қалай жүріп жатқанын көзімен көрген сенатор Сәрсенбай Еңсегеновтен сапарының мақсатын айта кетуді сұрағанымызда:

– Бүгінгі іссапардың негізгі мақсаты – Қиғаш өзенінің бойынан балық аулайтын кәсіпшіліктердегі жағдаймен танысу еді. Себебі Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері балықшылар ақпан айында балық аулауға шығып көрмеген екен. Үнемі кеш, ресейліктерден кейін қозғалатын. Осы мәселені біраз жылдардан бері көтеріп жүргеніміз, ақыры нәтижесін берді. Балық жақсы қозғала қоймағанымен жаңа аралау барысында нәсібелері де жаман емес екеніне көзіміз жетті. Олар бұған өткен жылы жасалған Қиғаш, Шора өзендерінің түп-тереңдету жұмыстарының септігі тигенін айтып отыр. Бұл үлкен маңызды жұмыс биыл да жалғасын табады. Болашақта тағы 270 шақырымды қазудың жобалары жасалуда. Сол жобада көп нәрсені жүзеге асыратын боламыз. Заңнамаға енгізілген өзгерістер, өзендердің арналарын тереңдетіп қазу жұмыстары мұның бәрі өңіріміздің іргелі бір саласы – балық шаруашылығының дамуына септігін тигізеді. Сапар барысында балықшылармен жүздесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап қайттық, - деп алға қарай олардың бәрі ескерілетінін жеткізді.

img_0687

img_0685

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT