Зейнеткерлерді арнайы құттықтады

(0 Votes)

Әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы қарамағындағы зейнеткерлер мен мүгедектердің шаңырағына орталық басшысы Нұржан Бахреденов, Құрманғазы ауылдық округі әкімі Абдуррахман Муса, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшысының орынбасары Айгүл Сейтжанова арнайы бас сұғып, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады.

ariya2

ariya3

Қоғамның әртүрлі саласында тынбай еңбек етіп, әр ісі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болған Бақыт Жакеева, Галина Рулева, Злиха Махсутова, Зинайда Перова, Дарья Нуралина-Құрманбай Таукенов, Людмила Мацюк, Үздік Ажгуловаға құттықтау хаттары мен гүл шоғы, естелік сыйлықтар ұсынылды.

ariya4

ariya5

ariya6

Сонымен қатар Роза Хабдіқызы мен Мақсот Есімғалиұлына аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың құттықтау хаты табыс етілді. Жасы жүзге келген кейуана Шамиль Умиржанова да мереке қарсаңында қуаныш сыйлаушыларға ақ батасын арнады. Көрсетіліп жатқан барша әлеуметтік көмектерге ризашылығын білдірген зейнеткерлерге мемлекеттік қызметкерлер зор денсаулық, баянды бақыт тілеп, қолдау шаралары жалғасын табатынын қаперледі.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT