«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Құрманғазы аудандық қызмет көрсету орталығы мамандарымен бірлескен «Зейнетақыны жоспарлау» тақырыбында «Ашық есік» күні шарасы өтті.
Аудандық партия филиалының ғимаратында өткен бұл шараның мақсаты тұрғындарға зейнетақы жүйесінің жұмысын түсіндіру. Аталған шараға филиал төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиев, «БЖЗҚ» АҚ Құрманғазы аудандық қызмет көрсету орталығының басшысы Л.Харесова, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Өтеулиев қатысты. Қабылдауды «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиев ашып, шараның мақсатымен таныстырды.
Келесі кезекте «БЖЗҚ» АҚ Құрманғазы аудандық қызмет көрсету орталығының басшысы Л.Харесова зейнетақы жинағын қалыптастырудың маңыздылығы туралы түсіндіріп, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны жоспарлау жолдарын үйретті және қордың салымшыларымен байланыс жасау арналары туралы мағұлматтар берді. Шараға қатысушылар тек күн тәртібіндегі тақырып бойынша ғана емес, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен қор қызметі, сондай-ақ өздерінің ондағы салымдары туралы сұрақтарға да тиянақты жауаптарын алды.
«Ашық есік» күні соңында барлық қатысушыларға арнайы бағалау сауалнамасы жүргізілді.
А.Хұсайынов,
«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының сектор меңгерушісі