Зейнет жасымен құттықтады

(0 Votes)

Аудан әкімінің кіші мәжіліс залында Бірлік ауылдық округінің әкімі Бауыржан Зұлпыхарұлы Ақпановтың зейнеткерлік жасқа толуына орай салтанатты шара өтті.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров жиналғандарды мерейгердің өмір жолдарымен қысқаша таныстырып, адамгершілік қадір-қасиетіне, азаматтық келбетіне, мемлекеттік қызметті атқарудағы ұйымдастырушылық қабілетіне, округ тұрғындарымен бірлесе жұмыс жасау шеберлігіне тоқталды. Мерей жасымен құттықтап, Алғыс хатын табыстады.Осындай сый-құрметті оның жұбайы Мәрия ханымға да көрсетті. Сондай-ақ, екі жақты келісімге сәйкес атқарып отырған қызметін 2020 жылдың тамызына дейін ұзартылғандығы туралы аудан әкімі өкімінің мәтінімен таныстырды.

Әріптестері атынан Шортанбай, Орлы, Қиғаш ауылдық округтері әкімдері С.Нәбидоллаев, А.Мұфтах, Ж.Жанханов құттықтау тілектерін білдірді. Бірлік ауылдық округіндегі «Каспий-Балық» өндірістік кооперативінің жауапты маманы Т.Жәкеев ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы бірлесе атқарған істеріне оң бағасын беріп, ауыл басшысына үлкен ризашылығын білдірді.

Соңында мерейгер өзіне көрсетіліп жатырған құрметке ризашылығын білдірді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT