Аудан әкімі Абат Жанғалиев мектепті алтын белгімен аяқтаған оқушыларды қабылдады. Биыл ауданымыз бойынша мектеп бітірген 563 түлектің 15-і «Алтын белгі» иегері атанып отыр.
- Бүгін біздің аялап өсірген ұл-қыздарымыз өзінің өмір жолындағы ең басты қадамын басқалы отыр. Бұл шараға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушылар қатысып отыр. Алдағы Ұлттық біріңғай тестілеуді жақсы тапсырып шығуларыңызға тілекшімін.
Қазіргі түлектеріміз - ертеңгі тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы. «Мен жастарға сенемін» демекші, біріңіз атақты ғалым, біріңіз мемлекетімізге абыройлы қызмет ететін қоғам қайраткері болуыңызға тілекшімін. Сонымен қатар, бала жанының бағбаны болған ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Атыңызды оздырып, елінің намысын қорғар шәкірттеріңіз көп болсын! – деді Абат Сайфоллаұлы.
Құттықтау тілектерін аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева, білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров жалғастырып, «Алтын белгі» иегерлерін үздік нәтижелерімен құттықтап, ақ жол тіледі.
Айнагүл Күнұзаққызы