Үздіктер марапатталды

(0 Votes)

Атырау облысында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланып, жүлдегерлер марапатталған болатын.

Бүгін ауданымыздың мерейін асырған облыстық олимпиада жүлдегерлері мен ұстаздарды қабылдадым. Біздің Құрманғазы ауданы М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінен қатысқан оқушылардың 4 –еуі бірдей жүлделі орыннан көрініп, нәтижесінде мектеп «Үздік олимпиадалық ауыл мектебі - 2024» атағын иеленді.

Бұдан бөлек, Ф.Оңғарсынова және Шортанбай жалпы орта мектебінің 2 оқушысы да жүлделі орындардан көрінді. Бұл әлбетте, талай талантты балаларды талаптандырып, қанаттандырып түлеткен мектеп ұстаздарының толассыз еңбегі деп білемін. Барша шәкірттер мен ұстаздар қауымын тамаша жетістіктерімен құттықтап, марапаттадым.

Сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен облыстық білім беру ұйымдары анықталған еді. Ауданымыздың білім бөлімі – «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» атағымен ІІІ орынды жеңіп алды.

Ауданымыздың білім ордалары талай додаларда топ жарып, білімді, тәрбиелі, жауапкершілік қасиеті, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігі жоғары жастарды тәрбиелей берсін!

Абат Жанғалиев, аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT