Облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен маусым шілде тамыз және күз айларында Құрманғазы ауданында студенттер жұмыссыз жастар, оқушылар, көгалдандыру және құрылыс бағыты бойынша жұмысын бастаған болатын.
«Жасыл ел» бағдарламасы жазғы маусым кезінде студент-жастарды жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді. Құрманғазы өңірінде биыл 120 жас жаз айларында еңбек етті. Күз мезгілінде ауылдық округтерде 140 жас еңбек етті. Жастар қазір заманға сай жаңашылдықты жақсы көреді, өмірдің әр саласына «Жасыл елдің» ізін қалдырғысы келеді. Студенттер, жұмыссыз жастар, бәрі бірге құрылыста және әлеуметтік нысандарда еңбек етуде, абаттандыру мен көгалдандыруға, саябақтар мен өзендерді тазалау жұмыстарына қатысуда. Жасыл ел сарбаздары 3 ай бойы тазалық жұмыстарымен, абаттандырумен, түрлі траштаг, плоггинг , таза өлке, қайырымды 30 игі іс, ардагерлерді ардақтайық,эко лайф сынды түрлі шараларға қатысып, өздерін жан-жақты қырларынан танытты. Тіпті 50-ден астам қап қоқыс жинап беріпті. Сондықтан, сенбілікке қатысқан қыз-жігіттер әлеуметтік желідегі парақшаларына жинаған жер емес, қоқыс тастамайтын жер таза екенін білу туралы жазды.
– Әрқайсымыз қоршаған орта, туған жеріміз үшін жауапкершілігімізді сезінуіміз қажет, бұл – біздің үйіміз, дейді «жасылелдіктер». Студент жастардан құралған құрылыс жасақтары Алланың үйі мешітте құрылыс жұмыстарының жүруіне қолғабыс жасады. Көгалдандыру бағыты бойынша Тәуелсіздік саябағы, Самаркин елдімекенінде орналасқан қоршаулы теректер, ойын алаңдары, Обелескі, әкімшілік алдындағы гүлзарлар сияқты жерлерді абаттандырумен айналысты. «Жасыл ел» жобасы аясында жас ұрпақты еңбекті бағалауға үйретеді. Еңбекақылары - 51 мың теңге.Қосымша арнайы жұмыс киімдерімен қамтылды. Сондықтан, жастар жасағының қатарында еңбек еткісі келетіндер көбейгені сөзсіз. Күзде ауыл ішіндегі бақтарда жапырақтарды жинау мен қоқыстардан тазарту, жалғызбасты қарияларымыздың үйіне көмек қолдарын созып, әктеу сырлау, ауласындағы арам шөптерді отап, үйлеріне тазалық жұмыстарын жүргізіп, түрлі жұмыстарға белсене ат салысты.Бұл ретте жасыл елдіктердің жұмысын айтпай кетуге болмас. Жасыл ел Жастар еңбек жасағы биыл 17-ші маусымын тәмәмдап, облыстық деңгейде Абылай Құрметұлының Жеті жарғы қорының ұйымдастыруымен жыл сайын арнайы жүлделер өткізіліп тұрады. Құрманғазы ауданы «Жасыл ел» студент-жастар жасағы жыл сайын үздік көрсеткіштерге ие боп жүлдеден құр қалған емес. Биылда 7 аудан арасында арнайы жүлделер ұйымдастырылды.Құрманғазы ауданында 4 ай бойы Жасыл ел еңбек жасағына жетекшілік еткен, орталықтың инспектор маманы Дархан Мұратқызы биылда жүлдеден кенде қалған емес, Құрманғазы ауданы Үздік жасақ-2021 номинациясын жеңіп алды. Бұл дегеніміз – жасап жатқан жұмысымыздың жемісі деп білемін. Алға қарай жасыл ел сарбаздарының санын арттырып, ауданымыздың гүлденуіне ат салысамыз!
Аудандық жастар ресурстық орталығының жетекші маманы
Айтжанова Тамаша