Бүгін ауданымыздың мақтанышы, Атырау облысы бойынша әйелдер арасында футболдан тұңғыш Қазақстан Республикасының ең жас үздік ойыншысы «Үздік ойыншы-2025» атағын жеңіп алған және 17 жасқа дейінгі Республикалық Қазақстанның ұлттық құрамасына шақырту алған М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Джумажанова Ботагөз Жазұланқызы "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы Ерлан Хисметуллин қабылдады.
Кездесу барысында Ботагөзге футболдағы ағалары атынан қаржылай көмек пен ауданымыздың футбол спортындағы басты демеуші “Joma” спорт дүкенінің негізін қалаушы Ғасырбектен спорттық кипа аманаттары сыйлыққа берілді.
Ауданымыздың мақтанышы жас спортшыға алдағы уақытта да толағай табыс тілейміз.



