Ганюшкин стансасының 1969 жылы негізі қаланып, 1970 жылы өндіріске берілді.
Бұл күндері талай айлар мен жылдардың сынағынан өткен, жүйелі жол торабы, жүк тиеу – түсіруге қосалқы жол тұйықтары, жүк тасымалының кідіріссіз жүзеге асуына көптеген темір жолдары бар, тәжірибе жинақтаған іргелі мекемелердің біріне айналды. Аталған мекеменің бастығы Теңел Дидарханұлы ұжым қызметкерлерімен жиын өткізіп, өткен жылдың жетістіктері мен пандемиялық ахуалдың салаға келтірген өзіндік қиындықтарын тілге тиек етті. Мекеме бастығының орынбасары Исатай Баяров жылдық есеп беру хабарламасымен таныстырды. Ганюшкин стансасының бастығы Теңел Исмағұлов аудандық мәслихат хатшысының, Атырау теміржол бөлімше бастығының алғыс хаттарымен саланың жілігін шаққан майталман мамандарын марапаттады. Бір топ қызметкерлерге өзінің де алғыс хатын ұсынды.
Жылдың қорытындысымен «Үздік жұмысшы» номинациясын пойыз құрастырушы Мади Алипов, пойыз қабылдаушы Гүлнар Иралиева, құжат өңдеуші Гүлжамал Тайпешова иемденді.
Өз тілшіміз