«Үздік кітапханашы-2024» сайысы өтті

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық ОКЖ әдістемелік бөлімнің жоспарына сәйкес «Үздік кітапханашы-2024» зияткерлік байқауы ұйымдастырылып, оған жүйеге қарасты 12 кітапханашы қатысып, бақ сынасты.

Сайыста қазылар алқасының төрайымы, кітапхана саласының ардагері  Тукестаева Гаухария Кінамақызы, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Хамзина Гүлден Айдарбекқызы және аудандық орталық кітапхананың әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Нұрғалиева Гүлнар Шапағатқызы қазылық жасап, қатысушылардың білім мен тапқырлығына баға берді.

Қатысушылар алғашқы «Блиц турнир» атты кезеңде тест сұрақтарына жауап берсе, «Кітапханашы-мамандығым» деп аталатын ІІ кезеңде ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап берді. Екі кезең бойынша ұтымды жауап берген 8 қатысушы «Көрмеге шолу»  атты супер ойынға жолдама алды. Бұл айтулы кезеңде кітапханашылар «Бір ел-бір кітап», «Бір өлке-бір жазушы», «Туған жер-Құрманғазым асыл мекен», «Жаңа әдебиеттер» атты тұрақты кітап көрмелеріне оқырмандарды қызықтыратындай етіп шолу жасауға міндеттелді. Әділқазы алқасының шешіміне сәйкес сайыстың жүлделі ІІІ орнын Кудряшов ауылдық «Парасат» кітапханасының меңгерушісі Ғасырбекова Гүлсая Жасұланқызы жеңіп алды. Ал ІІ орын Балқұдық ауылдық кітапханасының меңгерушісі Аманғалиева Жанаргул Шыңғысбайқызына, І орын аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Қайырлиева Нургул Тоқтарқызына бұйырды. Сайыстың бас жүлдесін аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Бекенгужиева Снежана Сәрсенбайқызы жеңіп, «Үздік кітапханашы-2024» атағын иемденді. Барша кітапханашыларды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.

АқмоншақТөреханқызы,

Кітапхана әдіскері

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521