«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты аудандық музей жанынан «Жас өлкетанушылар» клубы құрылды.
Оның мақсаты - мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру, өлкенің тарихын, өз халқының рухани құндылықтарын оқып-тануда мектеп пен музей арасында байланыс орната отырып, үйірмеге балаларды тарту, өлкетанулық жұмыстар жүргізу. Клубтың жоспарына сәйкес, алғаш «Үздік экскурсия жүргізуші» байқауы өткізілді. Оған Ломоносов, Абай және Бегәлиев атындағы орта мектептің оқушылары қатысты. Кейін әлеуметтік желіге жүктелген посттардың қаралым санына қарай қорытындыланып, «Үздік экскурсия жүргүзуші» номинациясын Ломоносов орта мектебінің оқушысы, клуб мүшесі Эльназ Мержанқызы иемденді. Ал, өз қабілетін шыңдауда белсенділік танытқан Абай жалпы орта мектебінің оқушысы Сымбат Райымбекқызына «Белсенді оқушы» белгісі табысталды. Қалған оқушыларға музей атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.
А.МУСАҒАЛИЕВА, музей қор сақтаушысы